Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев
ОРСК БАСШЫСЫ: «ИРЕКЛІДЕН СЕКУНДЫНА 2400 ТЕКШЕ МЕТР СУ ЖІБЕРІЛУІ МҮМКІН»
Орск.ру интернет ресурсының хабарлауынша Ирекліден жіберілетін су көлемі секундына 2400 текше метрге дейін көбеюі мүмкін. Қазір қалада төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның жедел отырысы өтіп жатыр. Орск қаласының басшысы Василий Козупицаның сөзінше Иреклі суқоймасының аузы-мұрнынан шығып толына небары жарты метрдей ғана қалған. Сондықтан одан жіберетін су көлемі ұлғаюы мүмкін. Тіпті суқоймаға қанша су келсе, сонша су төменге жіберілуі ғажап емес. Орскіге қарасты Новоказачий, малык Кумак, Первомайский, Жаңаталап, Мостострой секілді елдімекендерді су басу қаупі бар.
Әлеуметтік желіде көлік жүргізушілері Атырау-Құлсары тас жолының Шоқпартоғай ауылы тұсындағы бөлігін су басқаны туралы ақпарат тарап жатыр. Бұны сол тас жолмен өткен көлік жүргізушілері таратуда. Әзірге ресми ақпарат жоқ.
https://caspianlife.kz/24504/
“Қазақфильм” ұлттық киностудиясының басшысы Азамат Сатыбалды әр облыста мемлекеттік кинотеатр салуды ұсынды.Оның айтуынша, кинотеатр салу театрдың құрылысынан арзанға түседі.
“Мықты азаматтарымыздың басы айналып, казиноның ішінде жүр”.
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин еліміздегі лудомания мәселесін көтеріп, оған заң жүзінде тезірек тосқауыл қою керектігін айтты.
Маңғыстау жұрты "Адай ата - Отпан тау" кешеніне жиналып, амал мерекесін тойлап жатыр
Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысының секциялық отырыстары сәлден кейін басталады.
«МӘДЕНИЕТ. ӨНЕР. РУХАНИЯТ» секцияның модераторы - Аида Балаева. Аталған секциялық отырысқа 30-ға жуық адам қатыспақ.
Оқиға бүгін сағат 13.20-да Ақшұқыр бағытындағы 17-өткізу бекетінің маңында болды. Полиция көлігі кем дегенде 150 км/сағ жылдамдықпен өзге көлікті басып озған. Куәгерлердің айтуынша, ол жол жиегіне шығып кетіп, жарық бағанасын құлатқан. Кейін қарсы жолға шығып, Opel көлігімен соқтығысқан. Opel көлігінде кішкентай бала болыпты.
Оралда 600-ге жуық ақбөкен мүйізін тиеген браконьер ұсталды
Көлікті Атырау облысының тұрғыны басқарған. Қазір жүргізуші уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Бүгін сағат 11:46-да Атырау қаласы Ғ. Берғалиев көшесінің бойында «Volvo» маркалы жүк көлігінің пластик заттар тиелген тіркемесі жанып кеткен. Көлік тізгінінде Қырғызстан Республикасының азаматы болыпты. Жалын сағат 12:37-де толықтай жойылды.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 9 құтқарушысы жұмылдырылып, 3 техника пайдаланылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін Атырау облысы бойынша автокөлікте 18 өрт оқиғасы тіркелді. Оның ішінде жүк көлігінде – 5 өрт, автобустың жануы – 1 , жеңіл автокөліктерде – 12 өрт оқиғасы тіркелген.
Қарабау-Миялы-Сағыз тас жолының Миялы-Жангелдин бөлігінде көпір салынып жатыр
Атырау облысы, Қызылқоға ауданында 2022 жылғы тасқын су кезінде жырылған тас жолға ұзындығы 54,2 метр болатын көпірдің құрылысы басталды.
Еске сала кетейік, Қызылқоға ауданында 2 жыл қатарынан су мол келіп, елді-мекенді су басу қауіпі туындаған еді. Сол кезде басшылар қауіптің алдын-алу үшін облыстық маңызы бар Қарабау-Миялы-Сағыз тасжолының Миялы-Жангелдин бөлігін жырған еді.
Тіркелушіден:
Атырау қаласы, Жерұйық ықшам ауданы, 9 өткел, 5үй
Орталық кәзір жүйесі істен шыққан. Аула лас суға толды, шығу мүмкін емес.
Суды сорғанымен, қайта толып қалып жатыр