aqtobe_ruh

aqtobe_ruh Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from aqtobe_ruh, Media, Сəңкiбай батыр даңғылы, 20а, 101 каб, Aktobe.

23/04/2024
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!Наурыз елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-бер...
22/03/2024

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Наурыз елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

16/03/2024
Облыстық ішкі саясат басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында арнайы жиын өткізді.Жиынға...
09/02/2024

Облыстық ішкі саясат басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында арнайы жиын өткізді.
Жиынға облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі өкілі Ризагүл Омарова қатысып, басқарма қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жаңа жыл құтты болсын!!!!!
31/12/2023

Жаңа жыл құтты болсын!!!!!

«Ақтөбе өңіріндегі кеңестік қуғын-сүргін: тың деректер және зерттеу нәтижелері» атты  ғылыми конференция        2023 жыл...
19/12/2023

«Ақтөбе өңіріндегі кеңестік қуғын-сүргін: тың деректер және зерттеу нәтижелері» атты ғылыми конференция

2023 жылы 19 желтоқсан күні сағат 09.30-да Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің конференц залында «Ақтөбе өңіріндегі кеңестік қуғын-сүргін: тың деректер және зерттеу нәтижелері» атты ғылыми конференция өткізілді.
Конференцияға өңірлік комиссия мүшелері, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан ғалымдар, мемлекеттік орган, БАҚ өкілдері қатысты.
Конференцияда Ақтөбе өңіріндегі кеңестік қуғын-сүргін құрбандары туралы тың деректер және зерттеу нәтижелері, Ақтөбе өңіріндегі босқыншылдық: себептері, барысы, салдары (ХХ ғ.30-шы жылдары), 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың орын алу себептері, Алашорданың Батыс бөлімінің арыстары, Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған қазақстандық босқындар, Түркістан легионы бойынша деректер көпшілік назарына ұсынылды.
Сонымен қатар өңірлік комиссия мүшелерінің ғылыми зерттеулері нәтижесінде шыққан кітап-жинақтардың таныстырылымы өтті.
• «Ақтөбе өңірінде байлардың, кулактардың, орта шаруалардың қудалануы» архивтік құжаттар жинағы. - Д.Абенов;
• «Ақтөбе өңіріндегі шаруашылық-саяси науқандар» архивтік құжаттар жинағы. – Ұ.Исмағұлов;
• «Қасіретті жылдар зобалаңы» архивтік құжаттар жинағы. - А.Еспенбетова, А.Мәден, Ж.Ғанибаева, Д.Саинов, Ж.Бегимбаева;
• «Рухани болмысты күйрету және дін өкілдерін қудалау саясаты» монография. – Қ.Сәрсембина, Ү.Сәрсембин;
• «Ақтөбе облысына күштеп жер аударылған ұлт өкілдері: тарихы мен тағдыры» монография. – Р.Жұбаныш.
Қорытындысында конференцияға қатысушылар зерттеу жұмыстарының алдағы уақытта жалғасатыны туралы, архив материалдарын жүйелі зерттеудің ғылыми-методологиялық әдіснамаларын әзірлеу қажеттігін айтып, пікірлесті.
Шара соңында зерттеуші ғалымдар Ғылым және жоғары білім министрінің алғыс хатымен, облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Тәуелсіздік күні құтты болсын! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿Біз барша Қазақ елі үшін мәні де, маңызы да айрықша Тәуелсіздіктің арқасында тарихы...
16/12/2023

Тәуелсіздік күні құтты болсын! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

Біз барша Қазақ елі үшін мәні де, маңызы да айрықша Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендедік, тілімізді тірілтіп, дініміз бен ділімізді қайта оралттық.

Тәуелсіздік күні – бұл өз өмірін халқымыздың бостандығы мен егемендігі үшін күреске арнаған ұлттық тұлғаларды – батырлар, алашордашылар, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, желтоқсаншыларды еске алатын күн. Олардың барлығы туған жерді сыртқы агрессиядан қорғады, мемлекеттілігімізді нығайтты, ұлттың басты арманы – егемен мемлекетті жүзеге асыруға жол ашты.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз ғұмырлы болғай!

25-қазан Республика күні құтты болсын!Еліміз қуатты мемлекет болып, жылдан жылға халықтың әл ауқаты жақсара берсін.
25/10/2023

25-қазан Республика күні құтты болсын!
Еліміз қуатты мемлекет болып, жылдан жылға халықтың әл ауқаты жақсара берсін.

«Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Заман біздікі» ИЗО бірлескен студенттер арасында Қоғамдық сананы жаңғырту ...
29/09/2023

«Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Заман біздікі» ИЗО бірлескен студенттер арасында Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың жолдауында аталған «Елімізде атом электр станциясын салу» тақырыбында 2023 жылдың 29 қыркүйегінде «RUH CAMP» атты пікірсайыс турнирінің дебат турнирін өткізілді.
Турнирдің мақсаты – қоғамдық сананы жаңғырту, еліміздің қарқынды дамуын насихаттау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және студенттер арасында пікірсайыс қозғалысын дәріптеп, сендіру өнерін дамыту. Жастардың патриоттық, ұлтжандылық қасиеттерге, тарихи құндылықтарға деген ойларын қозғау. Сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту.
Шараны «Қоғамдық даму орталығының директоры Досов Жәнібек Бағдатұлы ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Дебатқа 2 фракция қатысып, ойын барысында оза шапқандар айқындалып, «Алғыс хатымен», арнайы номинациялармен марапатталды.
Нәтижесінде, І орынды «Үкімет» фракциясы, ІІ орынды «Оппозиция» фракциясы деп танылып, «Үздік спикер», «Үздік төреші» номинациялары бойынша қатысушылар марапатталды.
Ойын соңында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жоба туралы ойларымен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіз мемле...
04/06/2023

Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы биіктен желбіреп, мәртебесі одан әрі арта берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! 

#4маусым #рәміздеркүні #ту #елтаңба #әнұран

Бүгін Саяси  қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының *Саяси қуғын-сүргін құрбандары: тарихы...
31/05/2023

Бүгін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының *Саяси қуғын-сүргін құрбандары: тарихы мен тағылымы* атты конференция өткізілді.
Конференцияға өңірлік комиссия мүшелері, тарихшы ғалымдар, жалпы орта білім беретін мектептердің тарих пәні мұғалімдері , қала тұрғындары қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның ғылыми талдамалық жұмыстарының нәтижесін халыққа жеткізу.
Конференция барысында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау процесінің тарихи мәселелері, Қазақ байларын тәркілеудің алғышарттары мен зардаптары, Дайындау науқандарының, атап айтсақ, ауылшаруашылық өнімдеріне салынған салықтардың қасіретті салдары, НКВД, ГУЛАГ жүйесіндегі Ақтөбе еңбекпен түзеу лагері болған орындардың анықталуы және Түркістан лагері туралы көпшілікке таныс емес тың мәліметтер айтылды.
Шара соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Конференцияның қорытындысында Комиссия мүшелеріне алғыс хаттар және тарих пәнінің мұғалімдеріне сертификаттар табысталды.

#конференция #саясиқуғынсүргін #31мамыр

31 мамыр күні елімізде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу ресми аталып өтілуде.  Еліміздің қасіретті...
31/05/2023

31 мамыр күні елімізде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу ресми аталып өтілуде.  Еліміздің қасіретті тарихын ұмытпай, саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу үшін бұл күннің маңызы зор екені сөзсіз.
1930 жылдары Қазақстан аумағында қазақ халқының ұлттық-мәдени болмысын жою, коммунистік режимнің билігін нығайту мақсатында жаппай саяси қуғын-сүргін жүргізілді. 

Бұнымен қоса, өткен ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанда орын алған аштық, халқымыздың жадында өшпес қайғы қалдырды.

Бұл саясаттың салдарын ғана емес, себебін де анық түсінген Алаш зиялыларының бас қосып, империяға қарсы шығып, ұлт мүддесі үшін атқарған еңбектері ешқашан ұмытылмайды.
Бұл еліміздің тарихы ғана емес, біздің тағдырымыз, ұлттық жадымыз болып есептелінеді.

Қаншама зобалаң жылдарды бастан кешкен халқымыздың зары мен мұңы бүгінгі ұрпақтың жүрегінде мәңгі қалмақ.

#31мамыр #қуғынсүргін #қуғынсүргінқұрбандары #Алаш #Алашзиялылары #ашаршылық

ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Құрметті ардагерлер, әріптестер және достар!Сіздерді 9-мамыр - Жеңіс күні мерекесімен шын ж...
09/05/2023

ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті ардагерлер, әріптестер және достар!

Сіздерді 9-мамыр - Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсіп, Отаны, елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды. Арын – байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналып қала береді.

Ардагерлеріміз аман болсын!
Баршаңызға мықты денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз!

🙌🏻  12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Ілім жинап, білім игеріп, ғылымның алға озуына қызмет еті...
12/04/2023

🙌🏻 12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Ілім жинап, білім игеріп, ғылымның алға озуына қызмет етіп жүрген ғалымдар қауымын кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!


📆 Дәл осы күні қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген. Бұл адам өзінің бүкіл өмірін ғылымды дамытуға арнады.
📌 Қаныш Имантайұлы Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті ғана емес, оның негізін қалаушы, КСРО Ғылым Академиясының филиалдары мен Қазақстандағы ғылыми-зерттеу институттарын құру арқылы ғылымның дамуына қол жеткізіп, нәтижесінде Қазақ КСР Ғылым Академиясының негізін қалады.

✨ Бүгінде ғылым адамзат тіршілігінің барлық саласын дамытудың басты факторына айналды. Ұлттық ғылымның заманауи және тиімді жүйесін қолдай білу қасиеті ғылыми жетістіктер санын сөзсіз еселей түседі. Сондай-ақ ғылым елдің бәсекеге қабілеттілігін дамытушы маңызды сала. Халқымыз үшін білім мен ғылымның, тәлім мен тәрбиенің орны қашанда бөлек. Бабаларымыз ілім мен ғылымның тек оқу арқылы табылатынын дұрыс ұсынған. «Ғылым таппай мақтанба…» - деп, жас ұрпақты ғылымға жетелеген Ұлы Абай ұстанымы бүгін де маңызын жойған жоқ.

Абзал аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар!💐Көктемнің  ең жарқын мерекесі — 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен Сізде...
08/03/2023

Абзал аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар!💐
Көктемнің ең жарқын мерекесі — 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны. Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды.
Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілейміз!
Әрқашан шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңіздер.🌺🌺🌺🌺🌺

«Жомарт жүрек» сыйлығына онлайн дауыс беру басталды2022 жылдың 27 қыркүйегінде қайырымдылық саласындағы үздік меценаттар...
28/09/2022

«Жомарт жүрек» сыйлығына онлайн дауыс беру басталды

2022 жылдың 27 қыркүйегінде қайырымдылық саласындағы үздік меценаттар мен филантроптарды анықтайтын «Жомарт жүрек» республикалық байқауының онлайн дауыс беру кезеңі басталды.
«Жомарт жүрек» – бұл қайырымдылық саласындағы маңызды қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды анықтау, тану және көтермелеу үшін өткізілетін жыл сайынғы қайырымдылық сыйлығы. Сыйлық заманауи филантропияның көрнекті жетістіктерін көрсетеді.
Байқауға өңірімізден номинациялар бойынша 5 үміткер ұсынылды.
Осыған орай, жерлестерімізге қолдау білдіріп, 27 қыркүйек - 10 қазан аралығында jomartjurek.ruh.kz сайтында онлайн дауыс беруге ат салысайық.
1. «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша үміткер – «Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтар одағы» қоғамдық бірлестігі (Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы);
2. «Туған өлке» номинациясы бойынша үміткер – Вишняк Сергей Викторович (Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы);
3. «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша үміткер - Капетов Серік Жақсыбайұлы (Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы);
4. «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясы бойынша үміткер – Ибадулла Аманбай Өтегенұлы (Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы);
5. «Жыл меценаты» номинациясы бойынша үміткер – Ровенский Олег Иванович (Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы).

📖Ақтөбеде «Ruh camp» көшпелі оқыту семинары басталды⠀📌7-8 қыркүйек күндері Ақтөбе қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық дам...
08/09/2022

📖Ақтөбеде «Ruh camp» көшпелі оқыту семинары басталды

📌7-8 қыркүйек күндері Ақтөбе қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастыруымен «Ruh camp» көшпелі оқыту семинары өтті.

📍Семинарға Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының өңірлік жобалық офис қызметкерлері,  идеология саласына жауапты жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған қызметкерлер қатысты.

✅Оқыту семинары қызметкерлердің коммуникативтік қасиеттері, аналитикалық дағдылары мен сыни ойлау қабілеттерінің дамуына, ауқымды деректермен жұмыс істеудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеруге, ЖАО қызметкерлерінің біліктілігінің артуына және БАҚ саласында сапалы ақпараттық-имидждік сүйемелдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

✅Екі күндік семинарда идеологияның маңыздылығы, идеологиялық қызметті тиімді іске асырудың, ақпараттық ілгерілетудің әдіс-тәсілдері, БАҚ және әлеуметтік желі арқылы позитивті имидж қалыптастыру, қызметкерлердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту, жобаларды іске асырудағы үздік шетелдік тәжірибелер тақырыптарында дәріс жүргізіліп, мазмұнды ақпараттармен бөлісті.
Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

🎤🥇Бүкіләлемдік өнер сахнасында өшпес із қалдырсам деген ниетпен, ауданымыздың өнер сахнасында балалар арасында ойып тұры...
06/09/2022

🎤🥇Бүкіләлемдік өнер сахнасында өшпес із қалдырсам деген ниетпен, ауданымыздың өнер сахнасында балалар арасында ойып тұрып алған орны бар- ауданымызға, облысымызға танымал ағайынды жұлдыздардың бірі Орынбайқызы Ақерке Қазақстан атынан шақырту алып, туған тілімізде Болгария төрінде байрақты додаға түсіп, ұстаздарының тағылымына бөленіп екі байқаудың жеңімпазы атанды.

🔶Өзге елде, өзге елдегі қанластарымыздың алдында қазақ әнін шырқау-үлкен бақыт!Елімнің намысын қорғап, бәйгеден озып,өзіңмен бірге бүкіл қазақ елінің Жеңісін әкеліп "Балалар жылы" аясында аудан қоржынын жеңіспен еселеді.

🔶Адал еңбек, білімге,өнерге деген құштарлық,өз ісіңе деген құрмет және арманға әрқашан ұмтылу тек биікке жетелейтін өнер сапары сәтті болып, талантымен тайталасар додаданың қызығымен бүгін облысымыздың бас телеарнасында бөлісті. Өнер құдіреті, музыка тілі-сен қай құрлықтан,қай ұлттан,қай мемлекеттен болсаң да -бәріне ортақ.
Осындай шекарасы жоқ ұлы өнерде әрқашан жұлдызың биік болсын Ақерке!

🇰🇿Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр.⠀📌Осыған орай қ...
05/09/2022

🇰🇿Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр.

📌Осыған орай қазақтың ақыны, қоғам қайраткерінің өмірбаянынан қызықты деректерді ұсынамыз:

✅Қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген.

✅1913-1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды.Басылымның үш мыңнан аса жазылмандары болған, оны қазақ даласында, Қытайда және Ресейде оқыған.

✅Алғашқы еңбегі - «Қырық мысал» 1909 жылы, ал екінші кітабы «Маса» 1911 жарық көрді.

✅Орынбордағы, Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді.

✅А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы» (1912) – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. А.Байтұрсынұлы қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды.

✅А.Байтұрсынұлы мұғалімдерге арналған «Баяншы» деген әдістемелік кітаптар жазды.

✅1937 жылы 8 қазанда жаңадан тұтқынға алынды да, бірнеше айға созылған тергеуден соң, 1938 жылы ақпан айында атылды.

✨Ақтөбе облысында Конституция күні тойлануда⠀🗓29 тамыз, дүйсенбі күні Тұңғыш Президент атындағы саябақта ҚР Конституци...
29/08/2022

✨Ақтөбе облысында Конституция күні тойлануда

🗓29 тамыз, дүйсенбі күні Тұңғыш Президент атындағы саябақта ҚР Конституция күніне арналған мерекелік шара өтті.

📌Салтанатты шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, қоғам өкілдері, еңбек ардагерлері мен басқа да қонақтар қатысты. Өңір басшысы ақтөбеліктерді мерекелерімен құттықтады.

🗓"27 жыл бұл аса көп уақыт болмаса да, жасалған жұмыстарға баға беретін кезекті кезең. Қазіргі таңда біз ел ішіндегі ұлтаралық, конфессияаралық келісімнің тұрақтылықтың кепілдігіне айналғанына куә болып отырмыз. Әрі экономикадағы табыстардың қозғаушы күші ретіндегі осы жетістіктерге Конституцияның негізінде қол жеткіздік деп толық айта аламыз. Биыл елімізде болған айтулы оқиға, ҚР Конституциясын реформалау бойынша бүкілхалықтық референдум өтті. Бұл қоғамдық-саяси маңызы жоғары науқанға Ақтөбе облысының жұртшылығы да белсенді қатысып, еліміздің болашағын айқындайтын өзгерістерге өз дауыстарын берді. Баршаңызды тағы бір мәрте Ата Заңымыздың асқақты да киелі төл мерекесімен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін!",- деді Оңдасын Оразалин.

📍Шара барысында Конституция қарсаңында дүниеге келген балалардың ата-аналарына туу туралы, жас отбасыларға неке туралы, 16 жасқа толған азаматтарға жеке бас куәліктері берілді. Бұдан бөлек,
«Мерейлі отбасы-2022» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.
Шара мерекелік концертпен жалғасты.

🥋Ақтөбеде Спорт күні тойлануда⠀✅Қазақстанда 2004 жылдан бері тамыз айының үшінші жексенбісі Спорт күні болып аталып ке...
25/08/2022

🥋Ақтөбеде Спорт күні тойлануда

✅Қазақстанда 2004 жылдан бері тамыз айының үшінші жексенбісі Спорт күні болып аталып келеді. Осы оқиғаға орай Ақтөбенің Триатлон паркінде мерекелік шара өтті.

🔶Облыс әкімі Оңдасын Оразалин жиналғандарды құттықтады.
"Спортшылар, ардагерлер және сала қызметкерлері!
Баршаңызды еліміз кеңінен атап өтіп жатқан Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазіргі уақытта спорт қызметкерлеріне, жалпы салаға айрықша көңіл бөлінуде.
Өңірдің барлық аймақтарында, шалғай жатқан ауылдарға дейін түрлі бағыттағы көптеген заманауи спорт нысандары қолға алынып, қарапайым спорт алаңдары құрылысы салынуда. Биылдың өзінде Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт кешені, футбол академиясының құрлысы, үстел теннисі орталығы секілді ірі жобалар, 5 дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені, 60-тың үстінде спорт алаңдары бой көтереді деп жоспарлап отырмыз.
Спортшыларымыз кешенді ойындарда әжептәуір өнер көрсетіп, түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлдеге ие болуда.

✅Келесі жыл Париж Олимпиадасына дайындық жылы. Біз ақтөбелік спортшыларға сенеміз және үлкен үміт артамыз",- деді облыс әкімі.
Триатлон паркінің алаңында Әлем, Азия және Қазақстан чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, Олимпиада және Сурдлимпиада ойындарының қатысушылары сынды танымал спортшылар өнер көрсетті.
ҚР дене шынықтыру және спорт саласының еңбек сіңірген қызметкерлері, ҚР құрметті қайраткерлері, біртуар спортшылар, белсенді азаматтар мен дене шынықтыру және спорт саласының қызметкерлері марапатталды.
Ақтөбеліктер үшін гроссмейстерлермен бір мезгілде шахмат сеанстары, би батлдары, баскетбол, шәйнекті көтеру, қол күресі, гір көтеруден жарыстар ұйымдастырылды.

🔶Триатлон паркіне келген ең жас ақтөбеліктерді дзюдо, еркін және грек-рим күресі, самбо, қазақша күрес, джиу-джитсу және басқа да спорт түрлерінен көрсеткен көрсетілімдері ерекше қуантты.

🎤🎼Бүгін «Қазақ вальсінің патшасы» атанған, ұлтының ұлы тұлғаларының бірі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.⠀🔶Ұлт тарихында а...
15/08/2022

🎤🎼Бүгін «Қазақ вальсінің патшасы» атанған, ұлтының ұлы тұлғаларының бірі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.

🔶Ұлт тарихында аты қалған композитор 1930 жылдың дәл осы күнінде 15 тамыз, Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында дүниеге келген.

🔶Даңқты сазгер 1950 жылдан бастап шығармашылық қызметпен айналысқан. Жалпы 40 жылдан астам шығармашылық жолында 300-ге жуық ән жазған. «Арыс жағасында»,«Теріскей»,«Ана туралы жыр», «Мойынқұмда ауылым», «Сағынышым менің», «Тамды аруы», «Қайықта», «Ақ бантик», «Кешікпей келем деп ең», «Қуаныш вальсі», «Дүнген қызы», «Жақсыгүл», «Әнім сен едің» және тағы басқа әндері қалың қазақтың жоғары бағасына ие болды.

🔉1992 жылдан бастап дәстүрлі түрде сазгерлер мен әншілерге арналған Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау-фестиваль өткізіліп келеді.

🙌🏼Бүгін - Халықаралық жастар күні. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы, жастар ісі бойынша министрлердің 1998 жылы 8-12 тамыз...
12/08/2022

🙌🏼Бүгін - Халықаралық жастар күні. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы, жастар ісі бойынша министрлердің 1998 жылы 8-12 тамызда Лиссабон қаласында өткен Бүкіләлемдік конференциясының ұсынысы бойынша бекіткен.

✅Қай елдің болмасын басты капиталы оның халқы, соның ішінде жастары болып табылады.

🌏Тек бізде ғана емес, әлем жұртшылығы жастардың алып күш иесі екендігін мойындап, олармен санасады. Сондықтан жылдың айтулы бір күні арнайы жастар мерекесі етіп, күнтізбеде белгіленген.

Бүгін – Абай күні. Қазақтың ұлы ойшылдың туғанына биыл 177 жыл толды.⠀📆Елімізде 2020 жылы жылдың 4 тамызында Үкіметтің...
10/08/2022

Бүгін – Абай күні. Қазақтың ұлы ойшылдың туғанына биыл 177 жыл толды.

📆Елімізде 2020 жылы жылдың 4 тамызында Үкіметтің арнайы қаулысы шығып, 10 тамыз - Абай күні деп белгіленді.

- Абай күні ретінде 10 тамыздың белгіленуі бекер емес. Ғылыми ортада ойшылдың туған күні туралы екі түрлі нұсқа болғанымен, жылдар бойы 10 тамыз ресми түрде Абай Құнанбайұлының туған күні ретінде таңбаланып келді. Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында осы дата күнтізбеге Абай күні ретінде ресми бекітілген еді.

✨Ұлы ғұлама өмірінің соңына дейін жастарды білім мен ғылымға баулумен айналысқан. Өскелең ұрпақ үшін сан алуан тақырыптағы еңбектері мен тәрбиелік мәні зор қара сөздерін мұра етіп қалдырған.

✅Ақтөбеде Талғат Бигелдиновтің ғасырлық мерейтойы аталып өтті⠀🗯5 тамыз күні Ақтөбеде Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, ...
08/08/2022

✅Ақтөбеде Талғат Бигелдиновтің ғасырлық мерейтойы аталып өтті

🗯5 тамыз күні Ақтөбеде Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, аты аңызға айналған ұшқыш-шабуылдаушы, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновтың туғанына 100 жыл толуына арналған іс-шаралар өтті. Соның ішінде "Өнер орталығы" концерттік залында қала тұрғындары мен қонақтарына әскери институт пен Ақтөбе гарнизонының көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды.
Шараға облыс әкімі, әскери оқу орнының қолбасшылығы, курсанттары, Қарулы Күштердің ардагерлері және т.б. қатысты.

🔶Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Талғат Бигелдиновтың өмірі ерлік пен батылдықтың, кәсібилік пен Отанға адалдықтың үлгісі екенін атап өтті. Соғыс жылдары Талғат Бигелдинов Ил-2 шабуылдаушы ұшағында 305 мәрте ұшқан. Ерліктері үшін көптеген ордендермен марапатталған, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған.

🔷«Елінің шынайы патриоты, адал азаматы ретінде Талғат Бигелдинов халықтың жадында мәңгілік сақталып, мемлекетіміздің әскери тарихында алтын әріппен жазылып қалатыны ақиқат. Өйткені сол тарихи кезеңдегі ортақ Отанымызды жаудан қорғауда жанқиярлықпен шайқасып, ерліктің ерен үлгісін көрсетсе, кейінгі саналы ғұмырында Отан алдындағы азаматтық борышын адал атқарып отандық авиацияның дамуына зор үлес қосты. Әйгілі ұшқыштың 100 жылдығы аясында осындай игі шараның бүкіл ел көлемінде аталып өтуі тек Талғат Бигелдиновке ғана емес, алапат майданда ерлікпен шайқасқан барлық майдангерлермен тылда ерен еңбегімен жеңісті жақындатқан ардагерлерге көрсетілген құрмет», - деді Оңдасын Оразалин.

📢Айта кетейік, Ақтөбеде Т.Бигелдиновтің құрметіне аталған Орталық Азиядағы жалғыз әскери ұшу институтының аумағында Бигельдиновтар отбасының жеке мұрағатынан алынған сирек фотосуреттер, Талғат Бигелдиновтің өмірі мен қызметін баяндайтын басқа да экспонаттар қойылған мұражай ашылды.

📍«ASAR JOLY» АҚТӨБЕГЕ КЕЛДІ⠀📌«Asar Joly» республикалық қайырымдылық марофоны Ақтөбеде жалғасты. Бастамашылар осымен алт...
05/08/2022

📍«ASAR JOLY» АҚТӨБЕГЕ КЕЛДІ

📌«Asar Joly» республикалық қайырымдылық марофоны Ақтөбеде жалғасты. Бастамашылар осымен алтынша қалаға табан тіреп отыр.
Акцияны ұйымдастырушы «Asar ume» қорының мүшелерін ақтөбеліктер ерекше ықыласпен қарсы алды. Олар облыс орталығында үш күн болып, меценат кәсіпкерлермен, еріктілермен кездесулер өткізбек.

✂️Шараның ашылуында облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова жылы лебізін білдіріп, қайырымдылық марафонының қатысушыларына ризашылығын білдірді. Аталған қор президенті Асхат Нұрмашев бастама Мемлекет басшысының халықтың табысын арттыру бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып отырғанын атап өтті.

🔸— Ата-бабаларымыз ежелден-ақ бір-біріне қол ұшын созуға дайын болған. Бүгінде біз де осы дәстүрді қолдап, «Asar Joly» марафонын бастадық. Негізінен аз қамтылған көп балалы отбасыларды, қиын жағдайда қалған немесе жұмыс істей алмайтын жандарды баспанамен қамтамасыз етуге жәрдем береміз. Одан басқа, мүмкіндігі жоқ ата-аналардың баласын оқытуға, кейбір азаматтардың кәсібін ашуға да көмектесеміз.

🔷Негізгі мақсатымыз — халықты қайырымдылыққа, мейірімділікке үндеу, — дейді Асхат Нұрмашев.
Марафон басталғалы қор мүшелері 5 қаланы аралаған. 18 күн ішінде 111 миллион теңге қаражат жинаған. Сондай-ақ 9 мұқтаж отбасыға көмек көрсеткен.
Қор президенті акция еліміздің өзге қалаларында да жалғасатынын мәлімдеді.

 #АхметБайтұрсынұлы150жыл  #Ұлтұстазы
25/07/2022

#АхметБайтұрсынұлы150жыл #Ұлтұстазы

Address

Сəңкiбай батыр даңғылы, 20а, 101 каб
Aktobe

Telephone

+77132558017

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when aqtobe_ruh posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to aqtobe_ruh:

Videos

Share

Category


Other Media in Aktobe

Show All