Turkistan Digest

Turkistan Digest Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Turkistan Digest, Media/News Company, Астана, Астана.

Құрмаш Махан екінші рет үйленгенін айттыОтандық танымал әнші Құрмаш Махан екінші рет отбасы құрғанын растады. Өнер иесі ...
09/01/2024

Құрмаш Махан екінші рет үйленгенін айтты

Отандық танымал әнші Құрмаш Махан екінші рет отбасы құрғанын растады. Өнер иесі бұл туралы «Алғашқы» бағдарламасында айтты, деп Turkistan-digest.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Тағдырдың неше түрлі кезеңі болады. Содан өту үшін тәуекел етіп, көлігімді саттым да, Мысырға оқуға кеттім. Келгеннен кейін отбасым бұзылды. Құдай қосқан қосағым екеуіміз ақылдасып: «бір-бірімізден алыстап көрейік. Мүмкін қадірімізді білерміз. Дұрыс шешімге келуге себеп болар» дедік. 2010 жылы осы шешімге келдік. Айқай-шусыз, балалардың жүрегіне дақ түсірмес үшін ұрыс-керістің тоқтауын қалап, солай шешім қабылдадық, - деді әнші.
Құрмаш Махан әйелімен ажырасса да, балаларынан алыстамағанын алға тартты. Араға бірнеше жыл салып екінші рет үйленген.
Балалармен байланысымыз үзілген жоқ. Анасымен де байланысым үзілген жоқ. Екі жақта болғанымыз болмаса, әлі күнге қарайласып келе жатырмын. Кейін 2,5 жыл жүріп, екінші рет отбасын құрдым. Қазіргі жарым да балалармен қарым-қатынаста. Балаларым бір-бірін жақсы көреді, араласып тұрады, - деді Махан.

«Алматы-Ақтөбе» пойызында толғағы қысқан әйелді жолсерік босандырып алдыАқтөбе бағытындағы жолаушылар пойызында қыз бала...
09/01/2024

«Алматы-Ақтөбе» пойызында толғағы қысқан әйелді жолсерік босандырып алды

Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді, деп Turkistan-digest.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.��7 қаңтарда Ақтөбе бағыты бойынша жүрген жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді. Толғағы басталған әйел жолсеріктің көмегімен босанған.��Жас ана Айнагүл Тілеубергенова Тоғыз станциясынан Ақтөбе қаласына дейін №33 «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы пойызымен жолға шыққан. Пойыз бригадасының қызметкерлері дереу қажетті шараларды қабылдап, нұсқаулыққа сәйкес пойыз машинисін хабардар етіп, жедел жәрдемді жақын маңдағы Жем станциясына шақырды.��Жедел жәрдем келгенге дейін пойыздың жолсерігі Ғалия Қабдрахманова вагонда босанған әйелге қажетті көмек көрсетті. Сағат 14:27 минутта сәби дүниеге келген.��Жем станциясына келгеннен кейін нәресте мен анасын жедел жәрдем қызметкерлері қабылдады.
Мен баламның өмірі үшін қатты қорықтым. Алайда, пойыз қызметкерлері маған осындай жағдайда көмек көрсетіп, жанымнан кетпей, аман-есен босануыма септігін тигізді. Бұл күн біздің отбасымыз үшін естен кетпес сәттердің біріне айналды. Енді қызым есейген кезде бұл ерекше оқиғаны айтатын боламыз, - деп бөлісті жас ана Айнагүл Тілеубергенова.
Ата-анасы дүние есігін ашқан нәрестенің есімін Малика деп қойған.��Айта кетейік, жолсеріктердің көмегімен соңғы 3 жылда «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында 11-ге жуық сәби дүниеге келді.

Түркістан облысында 10 жасар бала бауырын өлімнен арашалап қалдыҚазығұрттық 10 жасар Нұрали Өскенбай өз бауырын өлімнен ...
21/12/2023

Түркістан облысында 10 жасар бала бауырын өлімнен арашалап қалды
Қазығұрттық 10 жасар Нұрали Өскенбай өз бауырын өлімнен аман алып қалды.

Қазығұрттық 10 жасар Нұрали Өскенбай өз бауырын өлімнен аман алып қалды. Оқиға жуырда Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауыл округі Жылыбұлақ елді мекенінде орын алған. 2022 жылы туған Нұрмұхаммед Өскенбай үйінің ауласында ойнап жүріп әжетхана ойығына түсіп кеткен, деп хабарлайды Turkistan-digest.kz.
Болған жағдайды дер кезінде байқаған анасы Айзада Сарман 10 жасар ұлы Нұралиді көмекке шақырады. Ол беліне арқан жіп байлап, анасының демеуімен кішкентай бауырын құтқарып, өлімнен арашалап қалған.
�Батыр баланың ерлігі елеусіз қалған жоқ. Үлгі болар ісі үшін 4 сынып оқушысы Нұрали Құдыретұлына Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысы арнайы Алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат табыстады. �Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Көркемөнер ұжымдарына «Халықтық» атағы берілдіТүркістанда облыстық Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» атағын беру жө...
21/12/2023

Көркемөнер ұжымдарына «Халықтық» атағы берілді
Түркістанда облыстық Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» атағын беру жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет комитетінің Репетуарлық саясат және өңірлік қызметті үйлестіру басқармасының басшысы Рига Онаева қатысты, деп хабарлайды Turkistan-digest.kz.
�Комиссия отырысында оңтүстік өңірінен өтінім берген 12 ұжымның барлығы «Халықтық» атағын алды. Олар: мақтааралдық «Ақ алтын» ұлт-аспаптар ансамблі, жетісайлық «Хор» ұжымы мен «Аяна» би тобы, келестік «Күлкі терапиясы» әзіл-сықақ театры. Сонымен қатар, сайрамдық “Ибрагимовтер” жанұялық ансамблі және «Самұрық» би ұжымы, ордабасылық «Асыл әжелер» ансамблі, отырарлық «Шәміл-Дүр» би ұжымы, шардаралық «Ақмаржан» және сарыағаштық «Еркетай» би тобы, түлкібастық «Арша» квартеті және Түркістан қаласынан «Бисұлтан» би ұжымы арнайы атақты алды.
�Бүгінде облыста жалпы 60 халықтық өнер ұжымы бар. Сондай-ақ, мұндай атақ —ұжымдардың жұмысын қосымша ынталандыру және шығармашылық қызметті жоғарғы деңгейде қамтамасыз ету мақсатында беріледі.�Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссия отырысы өттіБүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Б...
21/12/2023

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссия отырысы өтті
Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың төрағалығымен Түркістан облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның 2023 жылда атқарған жұмысы сараланды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның жұмыс тобы дайындаған архивтік құжаттар мен материалдарының 2023 жылы баспаға шығатын жинақтары туралы да айтылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның 2023 жылғы жұмыс қорытындысымен ақтауға ұсынылатын азаматтарды республикалық мемлекеттік комиссияға ұсыну мәселелері талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары комиссияға маңызды міндет жүктелгеніне тоқталды, деп хабарлайды Turkistan-digest.kz.
�– Бүгінде комиссияның 2024 жылы атқаруы тиіс міндеттерін іске асыру, атап айтқанда, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдеріне архивтік іссапарлар және шет елдердегі архивтік құжаттарының көшірмелерін алуға қаражат бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Екі жыл ішінде өңірлік комиссия мен жұмысшы топ жасаған зерттеулер нәтижесінде 6 құжаттар мен мақалалар жинағы, 1 ақтауға ұсынылатындардың тізімі, 1 монография баспаға шығарылды. «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 33 томдық материалдар жинағы. ХХ ғасырдың 20-50 жылдары» атты жинақтың 3 томында Түркістан облысында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жинақталған материалдар орналастырылған. Бұл еңбек – жұмысшы топ мүшелерінің тек елімізде ғана емес, шет елдердегі архивтерден талай жылдар бойы шаң басып жатқан материалдарды талдау, сараптау, зерттеу жұмыстарынының нәтижесі. Қазақ елінде болған революциялық дағдарыс кезінде жапа шеккен, кезінде ел жауы болып танылған кінәсіз талай боздақтардың тағдыры осы еңбектердің түбінде жатыр десек те болады. Атқарылған жұмыстар көп, дегенмен, алдымызға қойып отырған мақсаттар да аз емес. Әлі де талай зерттелмеген деректер, дәлелденбеген фактілер бар. Комиссияның баспа қызметінің жоспарына сәйкес, биыл тағы 8 өңірлік жинақ шығару жоспарланып, тиісті жұмыстар жүргізілуде, – деді Бейсен Тәжібаев.
�Мәжілісте Түркістан облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелері, ғалымдар мен зерттеушілер өз пікірлері мен ұсыныстарын жеткізді. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Тарих кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Хәзіретәлі Тұрсұн, өңірлік комиссия мүшелері Гүлнара Шардарбекова, Камшат Тасыбекова мен Сержан Оразбайдың пікірлері тыңдалды. «Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшыcының орынбасары Камшат Тасыбекова да жұмыс барысы туралы ойын ортаға салды. Ұсыныстар бойынша жұмыс жүргізіледі.

Түркістан облысында «Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы» анықталдыТүркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен...
21/12/2023

Түркістан облысында «Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы» анықталды
Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет «Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы» байқауының жеңімпаздарының марапаттау жиыны өтті.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін дін саласындағы мамандарды анықтау, қолдау көрсету, олардың мәртебесі мен беделі туралы қоғам арасында оң пікір қалыптастыру мақсатында өткен шараға Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов қатысып, номинация иегерлерін құттықтады, деп хабарлайды Turkistan-digest.kz.
�Мемлекеттік саясатты және ұлттық құндылықтарды насихаттауда, қоғам өміріне белсене араласып, діни тұрақтылықты қалыптастыруда зор үлес қосып келе жатқан дін мамандары мен діни қызметкерлер 12 номиция бойынша жеңімпаз атанды. Атап айтсақ, «Үздік ақпараттық түсіндіру тобы» номинациясымен Шардара және Сайрам аудандары; «Дін саласындағы үздік тәлімгер» номинациясымен – Арман Қуанышбаев; «Үздік дәріскер» номинациясымен – Дінмұхаммед Сманов; «Үздік зияткер имам» номинациясымен – Арыстан Оспанов; «Үздік теолог» номинациясымен – Ілияс Нағызхан; «Үздік дін маманы» номинациясымен – Дінмұхаммед Тастемір; «Үздік бұқаралық ақпарат құралы» номинациясымен – «Санұр» телеарнасы; «Үздік мақала» номинациясымен – Қуаныш Қосмаханов; «Үздік қарсы насихат парақшасы» номинациясымен – Төлеби ауданы әкімдігінің парақшасы; «Үздік терроризмге қарсы комиссия хатшысы» номинациясымен – Нұрғиса Ахмет; «Үздік әйел-қыздар секторының меңгерушісі» номинациясымен – Еңілік Әбиева марапатталды.
�Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысында электр станциясы ашылдыБүгін Түркістан облысы, Келес ауданында қуаты 220/110/10 кВ болатын өңірдегі ...
21/12/2023

Түркістан облысында электр станциясы ашылды
Бүгін Түркістан облысы, Келес ауданында қуаты 220/110/10 кВ болатын өңірдегі ең үлкен «Қызыләскер» электр станциясы ашылды.

Бұл стратегиялық нысанның іске қосылуы ұзақ жылдарға созылып, биыл жүзеге асып отыр. Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, көпшілікті тарихи сәтпен құттықтады, деп хабарлайды Turkistan-digest.kz.
�– Алдымен баршаңызды өткен Тәуелсіздік күнімен және келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде энергетика қауіпсіздігін нығайту бағытында жұмысты күшейтуді тапсырған болатын. Жаңа электр станцияларын салу жөнінде тапсырма берілген. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі. Облыста энергияны тұтыну қарқыны жылдан жылға артып келеді. Осы бағытта Түркістан облысында жұмыс жүріп жатыр. Соның бірі – бүгін іске қосылғалы тұрған 220 киловольттық «Қызыләскер» қосалқы станциясы. Бұған дейін облыстың оңтүстік бөлігінде осындай қуаттағы қосалқы станцияның болмауына байланысты электр қуаты нормативтік талаптарға сәйкес келмейтін әрі бағасы қымбат еді. Сондықтан берілетін электр қуатының сапасына кері әсерін тигізіп, электр желілеріндегі шығынын көбейтетін. Енді бұл мәселе шешіліп, 5 ауданның 800 мыңға жуық тұрғыны сапалы қуат көзімен қамтылатын болды. Бүгін «Қызыләскер» қосалқы станциясын іске қосып, алдағы жылдың қаңтар айында осы қосалқы станциядан қуат алатын 110 киловольттық 91 шақырым электр желісін іске қосамыз. Баршаңызды жаңа станцияның ашылуымен құттықтаймын. Өңіріміздің әлеуеті арта берсін! – деді облыс әкімі.
�Аталған электр станциясы арқылы 5 оңтүстік ауданның мәселесі шешіледі. Атап айтқанда: Келес, Мақтаарал, Сарыағаш, Жетісай және Шардара аудандарының 800 мыңға жуық халқын, әлеуметтік, шағын және орта бизнес нысандарын сапалы әрі үздіксіз электр қуатымен қамтуға мүмкіндік береді. «Электромонтаж АК» кәсіпорны Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі, Жаңа дауір елді мекенінде орналасқан.
�«Қызыләскер» қосалқы станциясының құрылысына 7,2 млрд. теңге қаралып, жоспар жүзеге асып отыр. Сонымен бірге осы станциядан қуаты 110 кВт болатын 91 шақырым электр желісін салу құрылысына 1,8 млрд. теңге жоспарланған. Облыс аумағындағы елдімекендерді сапалы, тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етудегі іс-шара жоспарына сәйкес 200-ге жуық ауылды сапалы электр қуатымен толығымен қамту көзделген. 4 дана автотрансформатор орнатылған және Сарыағаш ауданында орналасқан «Жылға» қосалқы станциясынан «Қызыләскер» қосалқы станциясына дейін 72,2 шақырым электр желісі жүргізіліп, жұмыстар толығымен аяқталған. Нәтижесінде облыстың оңтүстік аймақтары, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы нысандары тұрақты және сапалы электр энергиясымен қамтылады.
�Өңір басшысы Келес ауданындағы іссапар барысында Бірлік ауылдық округінде орналасқан «ТМ-строй21» ЖШС-нің өндіріс орнымен танысты. Мұнда пресс жіп пен құрылысқа қажетті темір тор өндіреді. Сонымен қатар мал бордақылаумен айналысады. Кәсіпорын 34 адамды жұмыспен қамтып отыр. Өңір басшысы аудан әкіміне ауылдарда осындай кәсіпорындарды ашуға қолдау көрсету, инвесторлар тарту жөнінде тапсырма берді. �Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

31/10/2023

Сәкен Сейфуллиннің бұрын-соңды жарияланбаған видеосы табылды

Түркістандық тракторларға сұраныс жоғары
19/10/2023

Түркістандық тракторларға сұраныс жоғары

2021 жылдан бастап қытайлық компаниямен бірлесіп, қосалқы бөлшек алып трактор құрастырумен айналысатын өндіріс орны бүгінде ауыл шаруашылығы саласында танылып үлг...

Ордабасылық көпбалалы ана мемлекеттік қолдаумен кәсіп ашқан
19/10/2023

Ордабасылық көпбалалы ана мемлекеттік қолдаумен кәсіп ашқан

«Ана көрген тон пішер» дегендей, ол бала кезден тігіншілікті анасынан үйренген.

Түлкібас ауданында мал бордақылау алаңдары артып келеді
19/10/2023

Түлкібас ауданында мал бордақылау алаңдары артып келеді

Осы бағыттағы кәсіппен айналысатындар қатары жыл сайын артып жатыр.

Жолдауда өте көп түйткілді мәселелер қозғалды
25/09/2023

Жолдауда өте көп түйткілді мәселелер қозғалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына өзінің кезекті жолдауын жариялады.

Сарбаз денсаулығы – Қарулы күштердегі жауынгерлік әзірліктің арқауы
25/09/2023

Сарбаз денсаулығы – Қарулы күштердегі жауынгерлік әзірліктің арқауы

Әскери қызметшілердің дайындығы көбіне олардың денсаулығына байланысты. Сондықтан бұл баға жетпес ресурсты нығайту міндеті әскери бөлімдер командирлерінің және...

Ресей газын Өзбекстанға тасымалдау қазанда басталады
06/09/2023

Ресей газын Өзбекстанға тасымалдау қазанда басталады

Ресей газын Өзбекстанға тасымалдау бойынша дайындық жалғасып жатыр.

«Ұлы дала жорығының» шабандоздары Астанадан Түркістанға аттанды
06/09/2023

«Ұлы дала жорығының» шабандоздары Астанадан Түркістанға аттанды

«Ұлы дала жорығы» марафонының жалпы жүлде қоры – 65 млн теңге. Жеңімпаз командаға 30 млн теңге, 2-орынға 20 млн теңге, ал 3-орынға 15 млн теңге табысталады.

Көкшетауда үш жалғызбасты зейнеткерді алдаған студент-дроппер ұсталды
04/09/2023

Көкшетауда үш жалғызбасты зейнеткерді алдаған студент-дроппер ұсталды

Polisia.kz-тің жазуынша, көкшетаулық үш тұрғын алаяқтың құрбаны болған.

Әзербайжан сапары
04/09/2023

Әзербайжан сапары

Бакудегі бірінші күн

Тоқаев Вьетнамға ресми сапармен барды
04/09/2023

Тоқаев Вьетнамға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысын Ханойдың «Ной Бай» әуежайында Вьетнам Президенті кеңсесінің жетекшісі Ле Кхань Хай және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды.

Шэньчжэньде алғашқы ірі қазақ-қытай бизнес-форумы өтті
04/09/2023

Шэньчжэньде алғашқы ірі қазақ-қытай бизнес-форумы өтті

Қазақстан-Қытай саудасына жәрдемдесу қауымдастығы мен Shenzhen Cross Supply Service Association бірлесіп ұйымдастырған іс-шара Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныст....

Елімізде сұранысқа ие мамандардың жалақысы 50 пайызға көтеріледі
04/09/2023

Елімізде сұранысқа ие мамандардың жалақысы 50 пайызға көтеріледі

Ауылдарда сұранысқа ие мамандар жалақысына 50 пайыз үстемеақы енгізілмек.

Қазақстан халқының саны қанша?
04/09/2023

Қазақстан халқының саны қанша?

Қазақстан халқының саны 19 899 377 адамға жетті

Қазақстандықтардың депозиттерінде қанша қаражат бар?
04/09/2023

Қазақстандықтардың депозиттерінде қанша қаражат бар?

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, жеке тұлғалардың банктердегі депозиті 18 трлн теңгеге жетті.

«Мен өлдім бе, табыңдар...»
04/09/2023

«Мен өлдім бе, табыңдар...»

Уақыт – бар сырын ішіне жасырған, жұмбағы да, егжей-тегжейлі баяны да тұнып тұрған ескі шежіре. Тарих доңғалағы кейін айналмағанымен, бізге жеткен аз-маз естелік пе...

Мәңгілік мұраның Мәшһүрі
04/09/2023

Мәңгілік мұраның Мәшһүрі

Аңыз өріп, абыз өнген қа­сиетті Баянауыл жерінде мәң­гілік мұрамыздың мәш­һүрі – Мәшһүр Жүсіп Кө­пей­ұ­лы­ның 165 жылдық тойы жо­ғары деңгейде аталып өт­ті. Шарағ....

Мемлекет басшылары Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралады
04/09/2023

Мемлекет басшылары Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралады

Экспозицияға тастан, ағаштан, қыштан және бағалы металдардан жасалған 200-ден астам қолөнер бұйымы, сондай-ақ, дәстүрлі өрнектермен нақышталған ұлттық киімдер, белг...

Былтыр туристік қызметтен рекордтық көлемде салық түсті
04/09/2023

Былтыр туристік қызметтен рекордтық көлемде салық түсті

Қазақстанға алыс шетелден келген 1 турист орта есеппен 1500 доллар көлемінде табыс әкеледі

Address

Астана
Астана

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Turkistan Digest posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Turkistan Digest:

Videos

Share


Other Media/News Companies in Астана

Show All

You may also like